Біз кімбіз
Проблемалы берешекті басқару нарығындағы ғаламдық ойыншы
14 жас
«Коллекторское агентство «М.Б.А. Финансы» ЖШС
Біз әлемнің қаржы жүйесінің эволюциясы мәселелерімен 14 жылдан астам айналысып келеміз. Коллекторлық бизнес, инвестициялық жобалар және қарапайым адамдардың қарыз мәселелерін шешу – жұмысымыздың үш негізгі бағыты.
2010
2010 жылы біз өз бизнесімізді коллекторлық агенттік ретінде бастадық, және кейінгі жылдары жұмысымыздың негізгі мақсатына – өз серіктестеріміз үшін олардың әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуде бірегей жағдай тудыру бағытында ұзақ жолды еңсердік.
15 ел
Біз Қазақстан аумағында қарапайым адамдардың қаржылық мәселелерін күнделікті шешеміз. Біз не істесек те, оны әлемде басқалардан жақсырақ істейтіндігімізге сенімдіміз. Біздің колл-орталықтың әрбір қызметкері күнделікті өз жұмысына борышкерлердің мәселелеріне қатысты ең дұрыс шешімді табу мақсатымен келеді. Біз мәселені басқаға артпаймыз, біз оны бірлесіп шешеміз. Жұмысымыз бен өміріміздің мәні, міне осында.
Клиенттерге қайтарылған
Борышкерлердің шешілген мәселесі
бірегей борышкермен жұмыс
актив басқарылуда
корпоративтік клиент
тәжірибе
ел
колл-орталық
Үміт пен күдікке, мәселе мен ниетке толы адам баласы – жұмысымыздың басты құндылығы. Барлық қарыз, несие, қаржылық заңнама мен жүздеген күнделікті келіссөздер артында біз ең алдымен қарапайым адамды және оның бақытты болуға ниетін көреміз.
Сенім – баға жетпес құндылық. Біздің «әлеуметтік жауапкершілік» саясатымыз – бұл бір кездері бізбен жұмыс істей бастаған барлық адамдарға немесе жұмысын бізбен бірге енді бастайын деп отырғандарға «рақмет» деп айтудың тағы бір тәсілі.
Сіз бала кезіңізде нені армандадыңыз? Қазір не туралы ойлайсыз? Біз борышкер – бұл күндердің бірінде өмірін жақсарту ниетімен қадам жасаған адам екендігіне сенімдіміз. Біз оның бұл қадамын қолдаймыз. Және борышкерлерге олардың ағымдағы мәселелерін шешуде ғана емес, өз армандарын іске асыруда да көмектескіміз келеді. Қолымыздан бәрі болмаса да, көп нәрсе келеді. Өзіңізге MBA Consult ұсынып отырған мүмкіндіктерді бірге талқылап көрейік!
Толығырақ