Біз қоғамды қарыз мәселелерінен арылтып, қаржы жүйесінің барлық қатысушыларының теңгерімін қалпына келтіруге көмектесеміз.
Ақшаңызды қайтарамыз.
Мерзімі кешіктірілген берешектік портфельдерді сатып аламыз.
Теңгеріміңізді тазартамыз.
Борышкерлеріңізді өзіңізге сенімді клиент ретінде қайтарамыз.
Әлемнің ең перспективалы қаржы нарықтарындағы ірі халықаралық компаниялардың NPL портфельдеріне инвестиция салу.
Біз мәселені борышкерге артып қоймаймыз, біз оны бірлесіп шешеміз. Шынайы көмек, түсінікті шешімдер және әр адамның мүддесінде әрекет ету.
Жоғары тиімділік – біздің ең басты тарихи бәсекелестік артықшылығымыз. Біз қарыздарыңызды басқалардан артық және жылдамырақ қайтара аламыз, және бұны борышкермен қарым-қатынаста аса жоғары әдептілік нормаларын сақтай отырып, ол үшін барынша жайлы жағдайда жүзеге асырамыз. Team.
MBA Consult қызметкерлері – біздің басты мақтанышымыз. Олардың әрқайсысы – өз саласындағы әккі маман. Колл-орталықтың операторынан бөлімшенің басшысына дейін: біздің команда – компанияның бар табысының негізі.
27 жылдан бері біз әлемнің ең күрделі әрі болашағы зор нарықтарында жұмыс істеп келеміз. Аса ірі компаниялармен жұмыс істей отыра, іс жүзінде бірегей нәтижелерге қол жеткіземіз, сөйтіп өз кеңселеріміз ашылған елдерде сөзсіз көшбасшы атанамыз.
Ақшаны басқалардан көбірек қана емес, тезірек те қайтара білу. Мұның клиенттеріміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынамыз, және солай жасаймыз да. Күн сайын. Әлемнің түкпір-түкпірінде.
Біздің әр қадамымыз түсінікті, негізді және ақырғы нәтижеге көзделген. Біз ынтымақтастығымыздың әрбір кезеңінде барынша ақтық ақпаратты ұсынамыз. Ал біздің әдеп кодексіміз – борышкерлермен қарым-қатынас құру және олардың сізбен ниеттестілігін арттыру барысындағы негізгі элемент.
Тек соңғы бірнеше жылда біз Азияның ірі нарықтарында өкілдіктер аштық. 2020 жылы біз Латын Америкасы нарығына, 2022 жылы АҚШ нарығына шықтық. Ақырында, 2023 жылы біз Африка континентіндегі қызметімізді бастадық. Бұл үдеріс күннен-күнге үдей түсуде. Бизнесіміздің өсуі жалпы нарықтан біршама алда келеді. Бұл MBA Consult Тобының ғаламдық табысы туралы айтуымызға және инвесторлармен бірегей қарым-қатынас құруымызға мүмкіндік береді.
Біз әлемнің алуан түрлі өңірлері мен бизнес салаларындағы клиенттеріміз өздерінің табысына біздің қосқан үлесімізді бағалайтынын мақтан етеміз. Біз клиенттеріміздің мәселелерін күнделікті шешіп қана қоймай, олардың бизнесін одан әрі өсіруде жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз. Дәл қазір осы жерде бізбен жұмыс істей бастап, сіз өзіңізге MBA Consult тұлғасында ұзақ жылдар бойына компанияңыздың бизнесінің негізгі бағыттарында сенімді әрі табысты серіктесті табасыз.
/
Біз инвесторларға Азия, Латын Америкасы және Африка елдерінің NPL нарықтарына шығудың нақты және қолдануға оңай жоспарын ұсынамыз. Бұл халықтың көпшілігі әлі де сатып алу қабілетіне ие болып, қаржылық өнімдерді енді ғана пайдалана бастаған ең перспективалы және қарқынды дамып келе жатқан аймақтарда пайда табудың тиімді құралы болып табылады. Тұтынудың өсуі, несиенің қолжетімділігі және fintech және p2p платформаларының дамуы ойынға ең тиімді шарттармен қосылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеміз және дамушы нарықтарға тән тәуекелдерді азайтуға көмектесеміз.
/
Әрбір борышкер – бұл біздің серіктесіміз. Біздің онымен қарым-қатынасымыздың аясы қаржылық мәселенің шешілуімен шектелмейді. Біз одан әрі жылжимыз. Сөйтіп, бірде қоңырау шалған адамның әрқайсысына оның қарызын өтеудің тәсілін ғана емес, оның адами және бизнес-әлеуетін іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз.
/
Біздің командамыз – зор мақтанышымыз. Бізде әлемнің қаржы жүйесінің эволюциясы идеясымен біріккен адамдар жұмыс істейді. Және біз өз болашағымызды осы миссияның аясында ғана көреміз, бүгін жұмыс істеп, кеше жасағанымызды мақтан тұтамыз.
/
Біз ғаламшар бетіндегі халықтардың қаржылық сауаттылығын арттырамыз, әлеуметтік қарбаластықтың азаюына көмектесіп, өзіміз барған елдердегі экономикалық жағдайды жақсартамыз. Жүздеген жұмыс орнын ашып, шағын және орта бизнестің өсуіне көмектесеміз, ірі бизнесті сауықтырамыз және қаржы саласындағы өңірлік заңнамаларды жетілдіруге өз үлесімізді қосамыз.
/
Адам
Борышкер – бұл күндердің бірінде өмірін жақсарту ниетімен қадам жасаған адам. Біз оның бұл қадамын қолдаймыз және бізбен бірлесіп өз әлеуетін іске асыруда мүмкіндіктер ұсынамыз.
Жоғары тиімділік
Қысқа мерзімде үздік нәтиже көрсетуге ұмтылысымыз – біздің нарықтағы тарихи артықшылығымыз. Жұмысымыздың өте жоғары тиімділігі әлемдегі ең ірі клиенттермен және инвесторлармен жұмыс істеуімізге мүмкіндік береді, жоспарлау көкжиегімізді ондаған жылдарға кеңейтеді және нарықтағы көшбасшылық орнымызды нығайта түседі.
Бедел
Қарыз ақшаны қайтарып, борышкердің банкке сенімі мен бейілділігін сақтап қалу – біздің негізгі міндетіміз. Біз “клиент - борышкер” тізбегіндегі мүдделердің нақты теңгерімін табу арқылы қарызды шағымсыз және талап арызсыз өтеуде табысқа жету жолын білеміз.
Қаржылық сауаттылық
Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар бізден бұрынғыдан да табыстырақ болудың және қарызға батпаудың жолдары туралы күнделікті маңызды ақпарат алып тұрады. Бұл біздің борышкерлермен жұмыс барысында қолданатын құралдарымыздың бірі және олардың өздері мен елдерінің алдындағы орасан зор әлеуметтік жауапкершілігіміз.