kz
en ru

Борышкерлерге

Сізге біздің компаниямыздан қоңырау шалды ма? Бұл алаңдау үшін себеп емес. Сіздің қаржылық мәселеңізді қалай шешу керектігін бірге ойластырайық. Біз үшін мәселелердің шешімін дайындадық және ол туралы сізге айтып бергіміз келеді.

Біздің қағидаларымыз:

Біз қаржылық мәселелерді шешеміз. Сіздің қарызыңызды жабу үшін, біз сізге нағыз ынтымақтастықты ұсынуға дайынбыз. Қарыз – үкім емес. Бұл тек қана уақытша қиындық. Бұл мәселені біз сізбен бірге шешеміз. Біз адамдармен жұмыс жасаймыз және борышкерді – күндердің бірінде өмірін жақсарту ниетімен қадам жасаған адам ретінде көреміз. Біз сіздің бұл қадамыңызды қолдаймыз және әрқайсыңыз үшін өз мәселелеріңізді шешу барысында ғана емес, содан кейін же нағыз серіктес болғымыз келеді.

  • Құрмет

    Борышкерлермен жұмыс істегенде, біз бірінші кезекте сіздің мүдделеріңізді қорғаймыз. Біз қарызды өндіріп алу қызметін орындаушы емес, сіздің серіктесіңіз болуға дайынбыз.

  • Шынайы көмек

    Біз сіздің мәселелеріңізді шешуге арналған шынайы құралдарды әзірлеу үшін және сізге ұсыну үшін ұзақ жылдар еңбек еттік.

  • Мүмкіндіктер қоңырауы

    Бізден келген әр қоңырау, смс немесе поштаға жіберілген хат - бұл сіз үшін мүмкіндік. Біз сізге қарыз туралы еске салмаймыз, біз қарызыңыды өтеу үшін мүмкіндіктер ұсынамыз.

MBA

Біз шалған қоңырау – бұл мүмкіндіктер қоңырауы

Әр борышкерді біз бірінші кезекте адам деп, яғни күндердің бірінде өмірін жақсарту ниетімен қадам жасаған адам ретінде көреміз. Біз өз қатеңізді түзетіп, одан әрі әрекет етуіңізге көмектескіміз келеді.

Ұсынымдар

Кредиторлармен немесе коллекторлармен тілдесуден жасырынбаңыз.

Борышкерлерге бере алатын ең маңызды кеңесіміз - кредиторлардан жән/немесе коллекторлық агенттіктерден жасырынбаңыз. Олар сіздің жағдайыңызды түсінуге дайын, себебі бұл кредитор үшін де, борышкер үшін тиімді. Кредитор мен коллектор борышкерді қарызын төлеуге келістіру үшін, уақыт пен қаражатты неғұрлым көп жұмсаса, олар қарыз сомасын бір реттік төлеммен қайтаруыңызға соғұрлым мүдделі және сотқа жүгінген жағдайда осыны талап ететін болады.

Қаржылық қиындықтар туралы ескертіңіз

Егер сізде қаржылық қиындықтар туындаса және графикте белгіленген мерзімде немесе толық көлемде төлей алмасаңыз, онда өз қиындықтарыңыз туралы айтыңыз және болашақта кредитті төлеуге ниет білдіретіңізді растаңыз. Бұл қадам өзара әрекеттесуге дайын екендігіңізді көрсетеді және кредитор қарызды өтеу мерзімін шегіндіруі немесе бір реттік төлем сомасын азайтуы және берешекті қайта құрылымдастырудың оңтайлы шарттарын ұсынуы әбден ықтимал.

Қарызды қайта қаржыландыру

Берешекті өтеуде қиындықтар туындаған кезде, оны өтеу үшін басқа банктен кредит алып көруге болады. Сіздің қаржылық шығындарыңыз қысқаратын болады, себебі бірінші кредит бойынша тұрақсыздық айыбын төлеу қажет болмайды.

Кепілзат мүлкін сату

Егер сіз мүлікті кепілге қойып кредит алған болсаңыз, онда оны сату мәселені шешер еді. Алайда, бұл қадамды іске асыру үшін банктің келісімі қажет. Сатумен борышкер де, өндіріп алушы да айналысуы мүмкін. Бұл ретте осыған дейін төленген барлық ақшалар борышкерге толық көлемде қайтарылуы мүмкін (несиелік пайыздарды есептемегенде).

Өз бюджетіңді дұрыс жоспарлау

Адамдардың өте аз пайызы өз бюджетін ұзақ мерзімге жоспарлайды. Жазба жүргізіп, барлық шығындар мен табыстарды есептеп көріңіз. Бұл қажет емес шығындарды жасамауға және бос (үнемделген) қаражатты қарызды өтеуге жұмсауға көмектеседі.

Қарызды төлемеудің салдары

Берешек сомасының ұлғаюы

Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда мерзімінен кешіктірілген төлемдер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелуі салдарынан, берешек сомасы үнемі ұлғаюы мүмкін. Бұл үдеріс барлық берешек сомасы толық төленгенге дейін жалғасатын болады.

Теріс кредиттік тарихты қалыптастыру

Көптеген елдердің қолданыстағы заңнамасына сәйкес шарттың талаптары бұзылған жағдайда, банк кредиттік бюроға қаражаттардың енгізілуі туралы толық ақпаратты ұсынуға міндетті (борышкер туралы деректер кредиттік тарихқа соңғы жазба енгізілген сәттен бастап 15 жыл бойы сақталады).

Жұмысқа орналасудың қиындығы

Жақсы жұмысқа орналасқан кезде, жұмыс беруші әлеуетті қызметкердің кредиттік және соттық тарихын тексеруі мүмкін (соңғы кездері әлеуетті кандидаттарды осылау тексеру жұмыс беруші компаниялар арасында кеңінен таралуда). Өтелмеген берешекпен мәселелер анықталған кезде, жұмысқа орналасу мүмкіндігі азаюы мүмкін.

Сот шығындары

Несие алушы кредитордың талаптарын ұзақ уақыт елемеген жағдайда, ол сотқа жүгіне алады. Сот кредитордың пайдасына оң шешім қабылдаған жағдайда (оның ықтималы 95% құрайды) несие алушы берешектің толық сомасын ғана емес, сондай-ақ сот шығындарын төлеуге тура келеді.

Елден шығу шектеледі

Сот шешімі бойынша берешек болған кезде, сот орындаушысы елден сыртқа шығуды шектеу туралы қаулы шығара алады. Осы қаулының негізінде сізге шетелдік төлқұжатты беруге бас тартылуы мүмкін, сондай-ақ шетелге шығуыңыз шектелуі мүмкін.

Банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы

Кредитор сотқа жүгінген сәттен бастап, берешек талап арызды қамтамасыз ету мақсатында, борышкердің мүлкі мен ақша қаражаттарына тыйым салынуы мүмкін.

Қылмыстық жауапкершілік

Жоғарыда аталғандардан басқа, борышкерге кредиторлық берешекті өтеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық тергеу жүргізілуі мүмкін. Өзіңіздің қарыз мәселеңізді осыншама қиындатпауға және берешекті реттеу нұсқаларын іздеу үшін MBAConsult компаниясымен байланысуыңызға кеңес береміз.

MBA Consult сіздің тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда сайтты тастаңыз.