Біз әлемдегі миллиондаған адамдар мен аса ірі компаниялар түйіскен жердеміз.
Біз қарапайым адамдардың және ірі компаниялардың қаржылық мәселелерін шешеміз және ең тартымды іскерлік портфельдерге әлемдік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін ұсынамыз.
Біздің философиямыз негізінде – адамның ниеттері мен үміттерінің, мәселелері мен кереғарлықтарының, үрейлері мен күдіктерінің, жеңістері мен жеңілістерінің сан қырлылығы. Қарыз мәселелеріне тап болған банктің иесі немесе фабрикадағы қарапайым жұмыскер бір нәрсені ғана қалайды – бақытты болу және өзінің адами әлеуетін іске асыру. Біздің компаниямыздың жетістігінің барлық тарихы осы ниеттерді түсінуге және оларды іске асыру үшін шынайы мүмкіндіктерді беруге негізделген
Эволюция идеясы MBA Consult барлық қызметкерлерін біріктіреді және барлық ішкі үдерістер осы мақсатқа жетуге бағытталған:
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
Мерзімінен кешіктірілген берешекті кредиторларға жылдамырақ қайтару
Қарыз міндеттемелерін уақтылы орындау (сотқа арыз түскенге дейін)
Ірі компаниялардың құрылымын сауықтыру
Қаржы саласындағы өңірлік заңнамаларды жетілдіруге көмектесу