kz
en ru

Біз қалай жұмыс істейміз

Біз өз жұмысымызды әлемде барлығынан жақсы жасауға тырысамыз. Әлемдегі қаржылық жүйені дамытудың жаһандық мәселелері немесе қарапайым адамдардың қарызын өтеу, инвесторлар мен өз қызметкерлерімізге бірегей жағдайлар жасау, бизнестің жаңа бағытын ашу немесе керемет ноу-хау әзірлеу – біз әрдайым және әр жерде ықтимал шешімдердің ең үздігін табуға тырысамыз.

Өзекті элементтер

01

Сараптама

Біздің клиенттеріміздің қарыз портфелімен туындаған ахуалды кешенді талдау. Бұл - біз өзіміздің бірлескен жұмысымызда одан кейінгі барлық қадамдарымызды негіздейтін база. Біз борышкерлер базасының ағымдағы күйін ғана емес, сондай-ақ клиенттермен өзара әрекеттесудің барлық жүйесін бағалау үшін бірегей технологияларды қолданамыз.

02

IT-сараптау

Сіздің бизнес үдерістеріңізде үздік әлемдік IT-технологиялар және біздің өзіндік БҚ негізінде іске асырылған collectionandbehavioralscoring бірегей үдерістері интеграцияланатын болады.

03

Дербес тәсілдеме

Бір жоба – бір команда. Ешқандай жаппай қоңырау шалу және қарызды өндіріп алудың ортақ сызбалары қолданылмайды. Әр клиенттің нақты ахуалының негізіндегі дәл өлшенген қадамдар ғана жасалады. Біз әртүрлі екі мәселе үшін бір шешім жоқ деп пайымдаймыз.

04

Команда

Біздің қызметкерлеріміз - біздің мақтанышымыз. Егер сіз бізбен жұмыс жасасаңыз, онда олардың кәсіпқойлылығы мен бірегей іскерлік қасиетін бағалаған боларсыз. Біз өз командамыздың бір бөлігіне айналған әр адамды дамытуға және жетілдіруге орасан көп ресурстар жұмсаймыз. Біздің жұмысымыздың нәтижелері осындай тәсілдеменің дұрыс екенін күнде дәлелдейді.

05

Ноу-хау

Біз трендтерді ұстанбаймыз, біз оларды жасаймыз. Жаңа технологияларға инвестициялар енгізу - біздің бизнесіміздің басымдықтарының бірі. Ал клиенттеге жаңа әрі үздік шешімдерді ұсыну - әр қызметкер үшін ереже.

06

Тәжірибе

Әлемдегі барлық өзекті нарықтар бойынша шоғырландырылған көп жылдық тәжірибе - сіздің мәселеңіздің ең үздік шешімінің кепілдігі. Дәл қазір табысты әрекет ету мүмкіндігін иелену үшін біз өткен кезде көп қате жібердік.

Әдеп кодексі

Жұмыс барысында біз клиенттеріміздің мүдделерін ойлаймыз және заңнаманы ұстанамыз, сондай-ақ борышкерлердің мүдделерін қорғаймыз. Оларға қарызды қайтару ғана емес, сондай-ақ сенімді клиент мәртебесін қайтару қажет. Біз екі тапсырманы да шеше аламыз. Осы мақсат үшін біз Корпоративтік әдеп кодексін әзірледік. Біздің барлық қызметкерлеріміз Кодексті ұстанады. Бұл тәсілдеме бізге және біздің клиенттерімізге ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастыққа кепілдік береді.

MBA Consult сіздің тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда сайтты тастаңыз.