kz
en ru

Біз немен айналысамыз

Біз қоғамды қарыз мәселелерінен арылтып, қаржы жүйесінің барлық қатысушыларының теңгерімін қалпына келтіруге көмектесеміз.

Өндіріп алумен айналысамыз

Ақшаңызды қайтарамыз.
Мерзімі кешіктірілген берешектік портфельдерді сатып аламыз.
Теңгеріміңізді тазартамыз.
Борышкерлеріңізді өзіңізге сенімді клиент ретінде қайтарамыз.

Инвестиция жасауға көмектесеміз

Әлемнің болашағы зор қаржылық өңірінде ірі дүниежүзілік компаниялардың мерзімі кешіктірілген берешектер портфеліне инвестиция салу.

Борышкерлік мәселелерді шешу

Біз мәселені борышкерге артып қоймаймыз, біз оны бірлесіп шешеміз. Шынайы көмек, түсінікті шешімдер және әр адамның мүддесінде әрекет ету.

Артықшылықтар

01

Тиімділік

Жоғары тиімділік – біздің ең басты тарихи бәсекелестік артықшылығымыз. Біз қарыздарыңызды басқалардан артық және жылдамырақ қайтара аламыз, және бұны борышкермен қарым-қатынаста аса жоғары әдептілік нормаларын сақтай отырып, ол үшін барынша жайлы жағдайда жүзеге асырамыз. Team.

02

Команда

MBA Consult қызметкерлері – біздің басты мақтанышымыз. Олардың әрқайсысы – өз саласындағы әккі маман. Колл-орталықтың операторынан бөлімшенің басшысына дейін: біздің команда – компанияның бар табысының негізі.

03

Абырой

22 жылдан бері біз әлемнің ең күрделі әрі болашағы зор нарықтарында жұмыс істеп келеміз. Аса ірі компаниялармен жұмыс істей отыра, іс жүзінде бірегей нәтижелерге қол жеткіземіз, сөйтіп өз кеңселеріміз ашылған елдерде сөзсіз көшбасшы атанамыз.

04

Мерзім

Ақшаны басқалардан көбірек қана емес, тезірек те қайтара білу. Мұның клиенттеріміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынамыз, және солай жасаймыз да. Күн сайын. Әлемнің түкпір-түкпірінде.

05

Ашықтық

Біздің әр қадамымыз түсінікті, негізді және ақырғы нәтижеге көзделген. Біз ынтымақтастығымыздың әрбір кезеңінде барынша ақтық ақпаратты ұсынамыз. Ал біздің әдеп кодексіміз – борышкерлермен қарым-қатынас құру және олардың сізбен ниеттестілігін арттыру барысындағы негізгі элемент.

06

География

Соңғы 5 жыл ішінде ғана біз Азияның ең ірі нарықтарында өз өкілдіктерімізді аштық. Бұл үдеріс күннен-күнге үдей түсуде. Бизнесіміздің өсуі жалпы нарықтан біршама алда келеді. Бұл MBA Consult Тобының ғаламдық табысы туралы айтуымызға және инвесторлармен бірегей қарым-қатынас құруымызға мүмкіндік береді.

Біз кім үшін жұмыс істейміз

Біз әлемнің алуан түрлі өңірлері мен бизнес салаларындағы клиенттеріміз өздерінің табысына біздің қосқан үлесімізді бағалайтынын мақтан етеміз. Біз клиенттеріміздің мәселелерін күнделікті шешіп қана қоймай, олардың бизнесін одан әрі өсіруде жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз. Дәл қазір осы жерде бізбен жұмыс істей бастап, сіз өзіңізге MBA Consult тұлғасында ұзақ жылдар бойына компанияңыздың бизнесінің негізгі бағыттарында сенімді әрі табысты серіктесті табасыз.

/

Біз инвесторларға Азия елдеріндегі мерзімі кешіктірілген борышкерлік міндеттемелер нарығына шығудың қолжетімді және ашық схемасын ұсынамыз. Бұл ғаламшар халқының 40%-дан астам бөлігі өмір сүретін, болашағы зор, жылдам өсіп келе жатқан өңірлерде пайда табудың аса тиімді құралы, себебі ондағы халықтың басым бөлігі сатып алу қабілетін күннен күнге арттырып, қаржы өнімдерін енді қолдана бастады. Тұтыну қабілетінің артуы, несиенің қолжетімділігі, қаржы технологиялары мен р2р платформаларының дамуы бұл іске дәл қазір барынша кірісті шарттармен кіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте біз сізге қолайлы жағдай тудырып, дамып келе жатқан нарықтарға тән тәуекелдер деңгейін азайтуға көмектесеміз.

/

Әрбір борышкер – бұл біздің серіктесіміз. Біздің онымен қарым-қатынасымыздың аясы қаржылық мәселенің шешілуімен шектелмейді. Біз одан әрі жылжимыз. Сөйтіп, бірде қоңырау шалған адамның әрқайсысына оның қарызын өтеудің тәсілін ғана емес, оның адами және бизнес-әлеуетін іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз.

/

Біздің командамыз – зор мақтанышымыз. Бізде әлемнің қаржы жүйесінің эволюциясы идеясымен біріккен адамдар жұмыс істейді. Және біз өз болашағымызды осы миссияның аясында ғана көреміз, бүгін жұмыс істеп, кеше жасағанымызды мақтан тұтамыз.

/

Біз ғаламшар бетіндегі халықтардың қаржылық сауаттылығын арттырамыз, әлеуметтік қарбаластықтың азаюына көмектесіп, өзіміз барған елдердегі экономикалық жағдайды жақсартамыз. Жүздеген жұмыс орнын ашып, шағын және орта бизнестің өсуіне көмектесеміз, ірі бизнесті сауықтырамыз және қаржы саласындағы өңірлік заңнамаларды жетілдіруге өз үлесімізді қосамыз.

/

Құндылықтарымыз

Адам

Борышкер – бұл күндердің бірінде өмірін жақсарту ниетімен қадам жасаған адам. Біз оның бұл қадамын қолдаймыз және бізбен бірлесіп өз әлеуетін іске асыруда мүмкіндіктер ұсынамыз.

Жоғары тиімділік

Қысқа мерзімде үздік нәтиже көрсетуге ұмтылысымыз – біздің нарықтағы тарихи артықшылығымыз. Жұмысымыздың өте жоғары тиімділігі әлемдегі ең ірі клиенттермен және инвесторлармен жұмыс істеуімізге мүмкіндік береді, жоспарлау көкжиегімізді ондаған жылдарға кеңейтеді және нарықтағы көшбасшылық орнымызды нығайта түседі.

Бедел

Қарыз ақшаны қайтарып, борышкердің банкке сенімі мен бейілділігін сақтап қалу – біздің негізгі міндетіміз. Біз “клиент - борышкер” тізбегіндегі мүдделердің нақты теңгерімін табу арқылы қарызды шағымсыз және талап арызсыз өтеуде табысқа жету жолын білеміз.

Қаржылық сауаттылық

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар бізден бұрынғыдан да табыстырақ болудың және қарызға батпаудың жолдары туралы күнделікті маңызды ақпарат алып тұрады. Бұл біздің борышкерлермен жұмыс барысында қолданатын құралдарымыздың бірі және олардың өздері мен елдерінің алдындағы орасан зор әлеуметтік жауапкершілігіміз.

MBA Consult сіздің тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда сайтты тастаңыз.